Жаңа қаулы: Қарағанды облысында карантин талаптары өзгерді

Жаңа қаулы: Қарағанды облысында карантин талаптары өзгерді

Жаңа қаулы: Қарағанды облысында карантин талаптары өзгерді
ашық дереккөзі
496
Қарағанды облысы коронавирустың таралуы бойынша жасыл аймақта орналасқан. Осыған байланысты облыстың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері жаңа қаулыға қол қойды. Жаңа қаулыға сәйкес, сауда нысандарында балалар ойын алаңдары мен аттракциондарға әлі де тыйым салынған. Сауда нысандарында (сауда-ойын-сауық орталықтары, жабық азық-түлік және азық-түлік емес базарлар, сауда үйлері) әлеуметтік қашықтықты, маска және күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтау міндетті. Кіреберісте әр келушіге термометрия жүргізілуі керек. Фуд-корттар тек тамақты өзімен бірге алып кету және жеткізу бойынша ғана жұмыс істей алады. Бұл нысандардың қызметі жұмыс және демалыс күндері - 24.00-ге дейін, мереке күндері-17.00-ге дейін жалғасады. 12 желтоқсан сағат 00:00-ден бастап демалыс және мереке күндері сауда нысандарының (сауда-ойын-сауық орталықтары, жабық азық-түлік және азық-түлік емес базарлар, сауда үйлері) 17.00-ге дейін жұмыс істеуіне рұқсат етіледі. Бұл уақыт шектеулері азық-түлік супермаркеттері мен олардағы дәріханаларға қатысты емес.  

Серіктес жаңалықтары