Қамауға алынған депутат Nur Otan партиясынан шығарылды

Қамауға алынған депутат Nur Otan партиясынан шығарылды

Қамауға алынған депутат Nur Otan партиясынан шығарылды
ашық дереккөзі
229
Ақтөбе облыстық мәслихатының депутаты Аркадий Ни Nur Otan партиясы қатарынан шығарылды. Бұл туралы партияның Ақтөбе облыстық филиалының баспасөз қызметі хабарлады. «Аркадий Ниді ұстау дерегі бойынша Nur Otan облыстық филиалының партиялық бақылау комиссиясы облыстық филиалдың Саяси кеңес бюросына оны Nur Otan партиясы билетінен айыру туралы мәселені қарауды ұсынды. Облыстық Саяси кеңес бюросының қаулысымен Аркадий Ни Nur Otan партиясынан шығарылды» делінген хабарламада. Ақтөбе облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, Аркадий Ниге қатысты тергеу басталды. «Қазіргі уақытта күдікті ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 128-бабы бойынша Ақтөбе қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат жария етілмейді» делінген ресми хабарламада.

Серіктес жаңалықтары