Сербия ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысады

Сербия ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысады

Сербия ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысады
ашық дереккөзі
Бүгін Белградқа ресми сапармен келген  Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен  шағын және кеңейтілген құрамдағы келіссөздерден кейінгі бірлескен мәлімдеме барысында Сербия Президенті Томислав Николич  осылай деді. «Ең алдымен Сербияға алғашқы сапармен келгені үшін Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа алғыс білдіремін. Келісөздер барысында өзара достық қатынастарды одан әрі жақсартатын бірқатар келісімдерге қол жеткіздік. Олардың арасында экономикалық тұрғыда маңызға ие Алматы облысы әкімдігі мен Воеводина автономды аймағы үкіметінің арасындағы ынтымақтастық туралы келісім де бар. Сондай-ақ Үкіметтерге Сербия мен Қазақстан арасындағы Сауда-экономикалық әріптестік жөніндегі үкіметаралық комиссияға түрлі салаларда өзара тиімді әріптестікті одан әрі дамыту жөнінде тиісті ұсыныстар әзірлеуге тапсырма бердік», - деді Т.Николич. Т.Николич Сербияның Қазақстанмен байланысты нығайта түсуге, әсіресе сауда-экономикалық байланыстарды жан-жақты өрбітуге ниетті екендігін баса айтты. «Осы ретте келер жылы Астанада өтетін «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне Сербия қатысатын болады», - деді ол. Сонымен қатар Т.Николич Қазақстанның біржақты өз тәуелсіздігін жария еткен Косово мен Метохияны мойындамайтындығын серб тарапы жоғары бағалайтындығын айрықша атап өтті.