320
Маман ұзақ жасаудың құпиясын айтты
Маман ұзақ жасаудың құпиясын айтты
Италиялық маманның айтуынша, тамақтану мен белсенді қимылдаудауға көңіл бөлумен қатар мидың жұмыс істеп, дамуына назар аудару керек
Ұзақ өмір сүру үшін дұрыс тамақтанып, белсенді қимылдап, ақыл-ойды жаттықтыруға көңіл бөлу керек. Бұл туралы РИА Новостиге италиялық гериатр Сильвия Витали (Silvia Vitali) айтты.
Түрлі ұйымдардың нұсқасына сәйкес, Италия тұрғындардың ұзақ жасау көрсеткіші бойынша алғашқы ондыққа енеді. Бұл елде әйелдердің орташа өмір сүру жасы - 85, ерлерде 81 жас.
"Тамақтану мен белсенді қимылдауға көңіл бөлумен қатар мидың жұмыс істеп, дамуына назар аудару керек", - деді Витали.Оның айтуынша, егде жаста көп қимылдау қан айналымы мен ақыл-ойды қалыпты ұстаудың жалғыз жолы. "Жүрек-қантамыр жүйесі өзін қорғаған кезде миға оң әсері тиеді", - деді гериатр. Ол ұзақ өмір сүретін адамдар, негізінен, калориясы мен мөлшері аз диета ұстанатынын жеткізді. Гериатр асқазанға тым артық салмақ түсірмей, үстел басынан тұра білу керек деп отыр.