283
Ақтауда танымал рэпердің концертін ұйымдастырған түнгі клуб иесі жазаланды
Ақтауда танымал рэпердің концертін ұйымдастырған түнгі клуб иесі жазаланды
Ақтауда рэп орындаушысының концертін тамашалауға келген 70-тен астам адам түнгі клубтың алдына жиналған.
Келушілерді полиция қызметкерлері байқап, мониторинг топ өкілдерін шақырған. Мониторинг топ концертті тоқтатып, іс-шараны ұйымдастырушыларға әкімшілік кодекстің 425-бабы бойынша айыппұл салынды. Маңғыстау облысының Полиция департменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, V $ X V PRiNCE (Асха Принц) лақап атымен танымал рэп орындаушының концерті өтпек болған.
«5 желтоқсан күні сағат 21:40-та 7 және 9 шағын аудандарда патрульдеу кезінде учаскелік инспекторлар: полиция майоры Д.Яцко мен полиция капитаны Р. Алиев «Н2О«клубына кіре берісте 70-тен астам адамның жиналғанын байқайды. Полицейлер келушілермен сөйлесіп, «Н2О» клубында концерт өтіп жатқанын анықтаған. Мобильді мониторингтік топ шақырылды, (әкімдік, сэс, әкімдіктің баспасөз қызметі) концерт тоқтатылды. Концерттің ұйымдастырушысына ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы бойынша материал жиналды», - деп хабарлады Маңғыстау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Әкімшілік кодекстің 425-бабын бұзғаны үшін жеке тұлғаларға - 30 АЕК мөлшерінде, лауазымды тұлғаларға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - 230 АЕК мөлшерінде, орта кәсіпкерлік субъектілеріне-310 АЕК мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне-1600 АЕК мөлшерінде айыппұл салу түріндегі әкімшілік жаза қарастырылған.