344
Ең төменгі зейнетақы мен еңбекақы белгіленді
Ең төменгі зейнетақы мен еңбекақы белгіленді
Қазақстанда келер жылға (2021 жыл) арналған зейнетақы мен еңбекақының ең төменші мөлшері белгіленді. Аталған өзгертулер: «2021-2023 жылдарға арналған Республикалық бюджет» туралы заңға енгізілген. Аталған құжатқа Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойған.
Сонымен, 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап:
Ең төменгі жалақы – 42 500 теңге;
Ең төменгі мемлекеттік базалық зейнетақы мөлшері – 18 524 теңге;
Ең төменгі зейнетақы – 43 272 теңге;
Жәрдемақы мен әлеуметтік төлемдер, айыппұллар мен салық және басқа да Қазақстан заңнамаларында көрсетілген төлемдер үшін айлық есептік көрсеткіш (АЕК) – 2 917 теңге;
Базалық әлеуметтік төлемдерді есептеу үшін ең төменгі күнкөріс минимумы – 34 302 теңге.