185 млн теңге пара алған: Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасарының ісі сотқа жолданды

185 млн теңге пара алған: Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасарының ісі сотқа жолданды

185 млн теңге пара алған: Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасарының ісі сотқа жолданды
ашық дереккөзі
248
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары мен Құрылыс басқармасының басшысына қатысты қылмыстық істі сотқа дейінгі тергеп-тексеруді аяқтады. Ведомство мәліметінше, олар Атырау облысы Жылыой ауданының Құлсары қаласындағы 200 орындық жаңа аурухана кешенін пайдалануға қабылдау актісіне қол қоюға жәрдемдескені және жалпы қамқорлығы үшін бір топ адаммен алдын ала сөз байласу арқылы 185 млн теңге сомасында аса ірі көлемде пара алуға күдікті болды. «Осы жылдың 3 желтоқсанында қылмыстық іс Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына жолданды. Күдіктілер кінәсінің деңгейі туралы түпкілікті шешімді сот шығарады», - деді агенттіктен.  

Серіктес жаңалықтары