Жаңа заң: Көппәтерлі үйлерде темекі шегуге тыйым салынды

Жаңа заң: Көппәтерлі үйлерде темекі шегуге тыйым салынды

Жаңа заң: Көппәтерлі үйлерде темекі шегуге тыйым салынды
ашық дереккөзі
283
АҚШ-тың  Сан-Франциско қаласында көппәтерлі үйлерде темекі және электронды темекі шегуге тыйым салынды. Десе де, каннабис шегуге рұқсат беріліп отыр. Бұл туралы The San Francisco Chronicle-ға сілтеме жасап Lenta.ru хабарлады. Шектеу кем дегенде үш пәтері бар үйлерге қатысты. «Жергілікті т ұрғындар таза ауамен тыныстау үшін ғана бір отбасыға арналған үйде тұруға міндетті емес», —деді бақылау кеңесіндегілер. Бастапқыда билік каннабис шешугеге де тыйым салмақ болған. Алайда бұған қарсылық білдіргендер көп болды. Темекіні таза ауаға шығып тартуға мүмкіндік болғанымен, марихуананы қоғамдық орындарда қолдануға рұқсат жоқ. Сондықтан пәтерлер каннабис шегуге болатын жалғыз орын болып қалмақ. Десе де, құқыққорғаушылар мен дәрігерлердің көпшілігі жаңа ережені сынға алды. «Бақылаушылар тұрғындардың қозғалысы мен қоғамдық орында жүріп-тұруына қатысты сауалдарды емес, нақты мәселелерді шешуі тиіс», —деді жергілікті диспансерлердің бірінің басшысы.

Серіктес жаңалықтары