Дәрігер тұмаудан тез құтылудың үш жолын атады

Дәрігер тұмаудан тез құтылудың үш жолын атады

Дәрігер тұмаудан тез құтылудың үш жолын атады
ашық дереккөзі
367
Британдық дәрігер әрі тележүргізуші Сара Джарвис тұмаудан тез айығудың үш тиімді жолын атады, деп хабарлайды Express. Бірінші тәсіл – тамаққа арналған спрей. Маманның сөзінше, ол микробтарға қарсы қорғаныс құралы бола алады. «Зерттеулер тамаққа арналған спрей тұмау симптомдарының ұзақтығын екі есе қысқарта алатынын көрсетті», - дейді дәрігер. Джарвис берген екінші кеңес – қызылкүрең қолдану. Дей тұрғанмен, маман кейбір зерттеулерде бұл дәріні қолдану тиімділігіне қатысты күмән туғанын атап өтті. Тұмаудан құтылудың үшінші тиімді жолы – С дәруменін қабылдау немесе осы дәруменге бай тағам түрлерін тұтыну. С витамині цитрустарда, бұрыш, брокколи және картоп құрамында бар.

Серіктес жаңалықтары