246
Індет өршіді: Түркиялықтарға демалыс күндері үйден шығуға тыйым салынды
Індет өршіді: Түркиялықтарға демалыс күндері үйден шығуға тыйым салынды
Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған коронавирустың өршуіне байланысты ел аумағында коменданттық сағат енгізді.
Бүгіннен бастап Түркияда кешкі 9-дан таңғы 5-ке дейін сыртқа шығуға тыйым салынды. Демалыс күндері толық локдаун күшіне енеді. Ел тұрғындары жұма күні кешкі 21:00-ден бастап, дүйсенбі күні таңғы 5-ке дейін сыртқа шыға алмайды. Азық- түлік дүкендері тек үйге жеткізу қызметі бойынша жұмыс істейді.
Сондай-ақ елде монша, сауна мен ойын сауық орындарының жұмысы тоқтатылды. 65 жастан асқан және 20 жасқа дейінгі азаматтарға қоғамдық көлікке мінуге рұқсат жоқ.
Айта кетейік, соңғы тәулікте Түркияда 31 мыңнан астам адамнан коронавирус анықталды. Бір күнде індеттен 188 науқас көз жұмды. Бұл - пандемия басталғалы мемлекетте тіркелген ең жоғары көрсеткіш.