1160
Ит қапқан 8 жастағы бүлдіршін құтыру дертінен көз жұмды
Ит қапқан 8 жастағы бүлдіршін құтыру дертінен көз жұмды
Иттің қапқанын елемеген 8 жастағы қыз бала құтыру дертінен көз жұмды, деп хабарлайды РИА Новости.
Ресейдің Волгоград облысында мектеп оқушысы жергілікті аурухананың жансақтау бөліміне түскен, алайда дәрігерлер оның өмірін құтқара алмады. Ауру ит қызды тамыз айында қауып алған, алайда ата-анасы бұл жайтқа мән бере қоймапты. Қараша айында бүлдіршін аяғы ауырғанына шағымдана бастаған. Егер аурудың алғашқы белгілері байқалмай тұрып ем қабылдаса, бұл жағдай өліммен аяқталмас еді дейді дәрігерлер.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Ресейдің Челябинск қаласында суши жеген бес жасар қыз көз жұмған еді. Екі баласы бар жас отбасы сушиға тапсырыс берген. Жеткізілген тамақты ата-анасы балаларға да жегізген. Алайда бүлдіршін суши жеп болған соң өзін нашар сезіне бастапты. Дәрігерлер баланы құтқарып қала алмады.