201
COVID-19: 30 науқас хәл үстінде жатыр
COVID-19: 30 науқас хәл үстінде жатыр
Өткен тәулікте жеті адам коронавирустан көз жұмды, деп хабарлайды Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігі.
Өткен тәулікте тағы 7 науқас коронавирустан көз жұмды, ковидтік пневмониядан қайтыс болғандар жоқ.
Бір тәулікте 68 адам пневмонияға шалдықты. Жалпы тамыздан бері 42 215 адам коронавирус белгілері бар пневмониямен ауырды, 443-і көз жұмды.
Министрліктің ақпаратынша, қазір коронавирустан 13 444 адам ем қабылдауды жалғастыруда, олардың арасында 912 бала бар. Стационарларда 3 586 науқас жатыр. 9 858 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.
Науқастардың арасында 232 адамның жағдайы ауыр, соның ішінде 30-ы хәл үстінде жатыр. 31 пациент жасанды тыныс алдырту аппаратына қосылған