«Анасы қайда қараған?»: қақаған қыста жол бойында киімсіз жүрген бала табылды

«Анасы қайда қараған?»: қақаған қыста жол бойында киімсіз жүрген бала табылды

«Анасы қайда қараған?»: қақаған қыста жол бойында киімсіз жүрген бала табылды
ашық дереккөзі
Шығыс Қазақстан облысының Семей қаласында трассадан жасөспірім бала табылды. Семей қалалық Полиция басқармасының мәліметінше, 28 қарашада сағат 16.28-де «102» арнасына қоңырау шалған тұрғын Қарағайлы көшесінде орналасқан жаңа спорт кешені маңындағы тасжолдың бойында сырт киімсіз кетіп бара жатқан жасы 12-лер шамасындағы бала туралы хабар берген. Анықталғандай, жеткіншек церебралды сал ауруымен ауырады. Анасы үй жинап жүрген кезде ол сыртқа шығып кеткен. Семей қалалық Полиция басқармасы бастығының міндетін уақытша атқарушы Жандарбек Ахметжанов баланы байқап қалып, немқұрайлық танытпай полиция хабар бергені үшін В.Дубербаеваға алғыс білдірді. «Біздің қоғамда осындай жандардың бар екендігі қуантады. Балалар – біздің болашағымыз. Сол күні осы жеткіншектің маңынан қанша көлік өтсе де, ешкім тоқтамаған. Ал В.Дубербаева адамгершілік танытып, оған көмектескісі келді», – деді полиция подполковнигі Ж.Ахметжанов.