«Қазгидромет» ескертеді: бүгін 5 өңірде ауа райы қолайсыз

«Қазгидромет» ескертеді: бүгін 5 өңірде ауа райы қолайсыз

«Қазгидромет» ескертеді: бүгін 5 өңірде ауа райы қолайсыз
ашық дереккөзі
Қазақстанның бес облысында қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланды, – деп хабарлады  Қазгидромет. 30 қарашада Маңғыстау облысында шығыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с жетуі мүмкін. Ертең түнде Ақтауда шығыстан жел соғады, екпіні 15-18 м/с жетеді. 30 қарашада Атырау облысының кей жерлерінде оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с жетеді. 30 қарашада Ақмола облысында кей жерлерде тұман түсіп, жаяу бұрқасын соғады. 30 қарашада Түркістан облысының кей жерлерінде тұман түседі, солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с жетуі ықтимал. 30 қарашада Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман түсуі мүмкін. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күші таңертең және күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.