Қазақстанда 9 мыңға жуық жүкті әйел коронавирус жұқтырған

Қазақстанда 9 мыңға жуық жүкті әйел коронавирус жұқтырған

Қазақстанда 9 мыңға жуық жүкті әйел коронавирус жұқтырған
ашық дереккөзі
235
Пандемия басталғалы елімізде аяғы ауыр 8 800 әйелден коронавирус анықталған. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният ҚР мәлімдеді.  "Бүгінге дейін коронавирус инфекциясы 8 800 әйелден анықталды. Оның  247-і стационарда емделуде. Қазақстан бойынша да, тұтас әлем бойынша да коронавирустың жатыр іші инфекциясы тіркелген жоқ. Жалпы, осы бағытта жүргізіліп жатқан әлемдік зерттеу жұмыстарында да мұндай факті тіркелмеген. Бірақ, босанғаннан кейінгі бір апта ішінде анасымен байланысқа түскен 124 нәресте сырқаттанған. Оларда дерт симптомсыз өтуде. Ал, жалпы сәбидің жатыр ішінде жатып инфекция жұқтыру жағдайы тіркелмеген", - деді вице-министр онлайн брифингте. Еске сала кетейік, бұдан бұрын Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой желтоқсан-қаңтар айларында қатаң карантин енгізу ықтималдығына қатысты пікір білдірген болатын.  

Серіктес жаңалықтары