299
Желтоқсан-қаңтар айларында карантин күшейтіле ме ‒ министр жауап берді
Желтоқсан-қаңтар айларында карантин күшейтіле ме ‒ министр жауап берді
Елімізде желтоқсан немесе қаңтар айларында қатаң карантин шаралары енгізілуі мүмкін бе? Бұл сауалға Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой жауап берді.
«Қазақстанда карантин шараларын желтоқсан немесе қаңтар айларында енгізу мәселесі жағдайды қаншалықты бақылауда ұстай алатынымызға байланысты болады. Қазір коронавирус өршіген кейбір өңірде жұқтыру деңгейі төмендеп келе жатқанын байқап отырмыз. Шығыс Қазақстанда мәселен жағдай реттеліп, жұқтыру деңгейінің төмендеу тенденциясын бақылаудамыз», - деді Алексей Цой.
Министрдің сөзінше, ауруханаларда орын жеткілікті.
«Ең бастысы – жағдайды бақылауда ұстау. Қазір инфекциялық ауруханалар 22 пайызға, жансақтау төсектері 17 пайызға жүктелген. Яғни, резерв бар. Сондықтан қазір уайымдаудың қажеті жоқ. Бәрі бақылауда», - деді ол.