Ата-аналардан мектепке ақша жинатқан білім басшылары жазаланды

Ата-аналардан мектепке ақша жинатқан білім басшылары жазаланды

Ата-аналардан мектепке ақша жинатқан білім басшылары жазаланды
ашық дереккөзі
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Стратегия және жедел басқару департаментінің басшысы Нұрлан Жақсымбетов мектептер мен емханалардағы жемқорлық жағдайлары тексерілгенін айтты. «Агенттік мектептерде, ЖОО-ларда, емханаларда ақша жинауға, дәрілік препараттарға, медициналық құралдарға және басқа да жағдайларға, яғни «тұрмыстық сыбайлас жемқорлыққа» қатысты өтініштерді назардан тыс қалдырмайды. 133 осындай өтініш келіп түскен. Олардың барлығы қоғам мен арнайы мониторинг топтарын міндетті түрде тарта отырып, мұқият қарастырылады. Бұл жағдайда әкімдіктердің тиісті қызметтерінің, еңбек ұжымдарынің, ата-аналар комитеттерінің, сондай-ақ өзге де өкілдердің қатысуымен бірлескен кеңестер өткізіледі», – деді Е.Жақсымбетов 1424 Call орталығы қызметінің биылғы 10 айдағы қорытындысын баяндау кезінде. Оның айтуынша, Атбасар және Степногор қалаларының мектеп оқушылары ата-аналарының өтініштері бойынша мектептің «қажеттілігіне» ақша жинау бөлігінде (кварц шамдары, перделер, дәретхана қағазы және т.б.) қызметтік тексеру, сонымен қатар ата-аналар арасында жасырын сауалнама жүргізілді. Нәтижесінде, жоғарыда аталған фактілер расталды. «Тексеру нәтижелері бойынша Атбасар ауданының және Степногор қаласының білім бөлімдерінің басшылары мектеп директорларымен бірге тәртіптік жауапкершілікке тартылды», – деді департамент басшысы. Оның сөзіне қарағанда, Алматы, Жамбыл және Қостанай облыстарында мектеп мұғалімдері мен колледж оқытушыларын мерзімді баспасөз басылымдарына мәжбүрлеп жазу фактісі жиілеп кетті. Алматы облысында зейнетақының бір бөлігін баспасөз басылымдары түрінде беру фактісі бар. «Барлық өтініш бойынша ұжымдарда түсіндіру шаралары жүргізілді. Осы орайда білім беру мекемелері мен «Қазпошта» АҚ-ның басшыларына алдағы уақытта осындай фактілерге жол бермеу туралы ескерте отырып, мерзімді баспасөз басылымдарына ерікті түрде жазылудың маңыздылығы айтылды», – деді Е.Жақсымбетов. Бұдан бұрын хабарланғандай, 1424 Call орталығы қызметінің биылғы 10 айдағы қорытындысы жарияланды.