277
"Басын кесіп алған": Шымкент тұрғынын қатыгездікпен өлтірген күдікті ұсталды
"Басын кесіп алған": Шымкент тұрғынын қатыгездікпен өлтірген күдікті ұсталды
Шымкентте "Қайнар бұлақ" тұрғын үй массивінің тұрғындары бұталардың арасынан басы кесілген ер адамның денесін тауып алды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Otyrar.kz басылымына сілтеме жасап.
Мәйіт 8 қарашада табылғаны белгілі болды. Содан кейін қалада "Ұстау" операциясы жарияланған. Құқық қорғау органдары қылмыскерді бірнеше сағаттан кейін ұстаған.
Өлімнің мән-жайы айтылмайды. Тек ұсталған азамат 2001 жылы туған екені хабарланды.
"Осы жылғы 8 қарашада Қаратау ауданының "Қайнар бұлақ" тұрғын үй массивінде 1967 жылы туған ер адамның мәйіті табылғаны туралы хабарлама түсті. Шымкент қаласы ПД Қаратау аудандық полиция басқармасы ҚК 99-бабы 1-бөлігіне ("Өлтіру") сәйкес сотқа дейінгі тергеуді бастады. 2001 жылы туған күдікті ұсталды. Басқа ақпарат тергеу мүддесіне сай жариялауға жатпайды", - деді тергеуші Бауыржан Тюльбашев.