Коронавирус қай мамандық иелеріне ерекше қауіп төндіретіні анықталды

Коронавирус қай мамандық иелеріне ерекше қауіп төндіретіні анықталды

Коронавирус қай мамандық иелеріне ерекше қауіп төндіретіні анықталды
ашық дереккөзі
242
Коронавирус парфюмерлер үшін неліктен аса қауіпті және олардың тәжірибесі өзгелерге несімен пайдалы болмақ? Бұл сауалдарға Sputnik радиосына берген сұхбатында "Аромаобраз" парфюмерлік ательесінің иесі Вероника Бруховецкая жауап берді. Иіс сезу қабілетінің жоғалу – коронавирустың жиі кездесетін белгілерінің бірі. Вероника Бруховецкаяның айтуынша, адамдардың көпшілігі үшін бұл уақытша ыңғайсыздық болса, парфюмерлер үшін маңызды жұмыс құралынан айрылумен тең. «Мұрын – парфюмердің негізгі құралдарының бірі. Мұрын мен иіс сезу жады біздің жұмыста аса маңызды. Қазір біз індет жұқтырып алмас үшін өз иммунитетімізді көтеруге ерекше көңіл бөлеміз»,  – дейді парфюмер. Коронавирустан кейін иіс сезу қабілетінің оралуы үшін бірнеше күн, кейде бір айдан астам уақыт қажет болуы мүмкін. Бұл процесті жеңілдету үшін Вероника Бруховецкая парфюмерлердің әдісіне сүйенуге кеңес береді. Оның сөзінше, қайтадан иіс сезе бастау үшін хош иісті заттарды иіскеп, жаттығу қажет. Асүйдегі тағамдар мен дәмдеуіштер көмекке келе алады. «Күні бойы түрлі тағамдарды иіскеп, олардың иісін еске түсіріп, пайда болған сезімдерге назар аудару қажет. Осылайша біз иіс кезу жадын қалыпқа келтіре аламыз», – дейді парфюмер.  

Серіктес жаңалықтары