Қазақстандықтар Африка халқына тағы бір құдық салып берді (видео)

Қазақстандықтар Африка халқына тағы бір құдық салып берді (видео)

Қазақстандықтар Африка халқына тағы бір құдық салып берді (видео)
ашық дереккөзі
583
Атыраудағы «Білім-Инновация» (қазақ-түрік лицейі) лицейінің 2005 жылғы түлектері африкалық Малави мемлекетіндегі ауылдардың бірінде өз қаражаттарына ауыз су құдығын орнатты, деп хабарлайды «Ақ  Жайық» басылымы.   Африка мемлекеттері үшін құдық орнату идеясы жаңалық емес, десе де, ауыз су мәселесінен қиындық көрген елдерге көмек көрсетуге ниет еткен отандастарымыздың ісі қуантады. Таңдаудың дәл Малавиға түсуі кездейсоқтық емес – атыраулық түлектердің бірі бұл мемлекетке жұмыс бабымен барып,  ондағы өмір сүру жағдайын өз көзімен көргеннен кейін, көмек қолын созуға бел буған. Атырауға оралғаннан кейін ол өз идеясын бұрынғы сыныптастарына айтыпты. Олар оны бірден қолдап, көп болып көмектесуді құп көрген. Осылайша өткен аптада Африканың оңтүстік-шығысындағы ауыл тұрғындары таза су тұтына бастады. Лицей түлегі Асхат Хамидуллиннің айтуынша, су бірден шықпаған, ауыз суға қол жеткізу үшін 55 метр тереңдікке дейін қазуға тура келіпті. Атыраулықтардың бұл ісін құптайтындар да, құптамайтындар да табылар. Өз елімізде де мұндай мәселе көптігін алға тартушылар аз болмайтыны анық. Десе де, әлемнің біртұтас екенін, адам атаулының бір-біріне жаттығы жоқ екенін дәлелдеген отандастарымыздың  бұл ісі талайға үлгі болары анық. https://www.youtube.com/watch?v=rMCasd8cFSo&feature=emb_logo

Серіктес жаңалықтары