226
Павлодарда 550 млн теңгенің мұнай өнімін заңсыз тасымалдағандар ұсталды
Павлодарда 550 млн теңгенің мұнай өнімін заңсыз тасымалдағандар ұсталды
Павлодар облысында жанар-жағармай материалдарының заңсыз тасымалының жолы кесілді.
Қаржы мониторингі комитетінің Павлодар облысы бойынша экономикалық тергеу департаменті «Barrel» жедел алдын алу шарасы шеңберінде 2018-2020 жылдар аралығында жалпы сомасы 550 млн теңгені құраған 2,4 мың тонна мұнай өнімі көлемінде жанар- жағармай материалдары заңсыз тасымалының жолын кесті.
Күдіктілердің іс-әрекеті санкциясы мүлкін тәркілеп, 3 жылдан 6 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған ҚР ҚК 197 бабының 2-бөлімі 3-тармағына сәйкес сараланды. Күдіктілер ұсталып, екі ай мерзімге қамал ды. Қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша тергеу жүріп жатыр.