Қабатовтың көлігімен кісі өлтірген көмекшісі енді әзілкештің әйеліне тиесілі көлікпен ереже бұзды (видео)

Қабатовтың көлігімен кісі өлтірген көмекшісі енді әзілкештің әйеліне тиесілі көлікпен ереже бұзды (видео)

Қабатовтың көлігімен кісі өлтірген көмекшісі енді әзілкештің әйеліне тиесілі көлікпен ереже бұзды (видео)
ашық дереккөзі
275
Осыдан біраз уақыт бұрын танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың көлігімен оның көмекшісі адам қағып өлтіргені жайлы ақпарат тараған еді. «Кокшетау Азия» порталының сюжетіне сүйенсек, дәл сол жүргізуші жол ережесін тағы да өрескел бұзған.  Кісі өліміне әкеліп соққан жол-көлік оқиғасы 2019 жылдың 13 қазанында Ақмола облысы Нұра ауданындағы Ахмет ауылы маңында болған.  Қара Lexus жаяу өткіншіні қағып кеткен. 34 жастағы Ерлан Омарқұлов ауыр жарақат алып, оқиға орнында көз жұмды. Кейіннен көліктің қазақстандық шоу-бизнес жұлдызы Тұрсынбек Қабатовтың меншігі екені белгілі болды. Алайда апат кезінде көлікті әзілкештің өзі емес, танысы жүргізген. Апат жайлы жалпақ жұртқа белгілі болғаннан кейін Тұрсынбек Қабатов арнайы мәлімдеме жасап, жол-көлік оқиғасы болатын күні көлікті көмекшісі сұрап алғанын және оның жүргізуші куәлігінен айрылғанын білмегенін айтты. Енді журналистер әзілкештің дәл сол көмекшісі тағы да тәртіп бұзып, жылдамдықты асырып, мас күйінде көлік жүргізгені үшін тұтқындалғанын анықтап отыр. «Ең қызығы, ол бұл жолы Тұрсынбек Қабатовтың жары – Мөлдір Мұқановаға тиесілі 2019 жылғы Cadillac Escalade көлігін тізгіндеген», - делінген сюжетте. Жол апатынан қайтыс болған жігіттің анасының сөзіне сүйенсек, тергеушілер дәлелдердің көзін жойып, істі жауып, жүргізушінің жауапкершіліктен құтқару үшін қолдан келгеннің бәрін жасаған. Алайда бұл оқиғаға байланысты пікір білдірген Қарағанды облысының полициясы Lexus-ты тізгіндеген жүргізуші көлікті сау күйде жүргізгенін, ал қаза тапқан жігіт мас күйде болғанын айтқан еді. https://www.youtube.com/watch?v=VGJZRq6ca_M&feature=emb_logo&ab_channel=KokshetauAsia

Серіктес жаңалықтары