Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 59 миллионнан асты

Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 59 миллионнан асты

Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 59 миллионнан асты
ашық дереккөзі
Әлемде COVID-19 індетін жұқтырғандар саны 59 168 889-ға жетті. Джонс Хипкинс университетінің соңғы дерегі осындай.  Университет мәліметінше, пандемия басталғалы індеттен 1 396 359 адам көз жұмған. Індеттен көз жұмғандар саны жөнінен жаһан елдері арасында көш бастап тұрған АҚШ-та коронавирусқа шалдыққандар саны 12,4 миллионнан асты. Ал 9,2 миллионға жуық тұрғынынан вирус анықталған Үндістан екінші орында. Үшінші орында - Бразилия. Онда індет жұқтырғандар саны 6 миллионнан асты. Коронавирус құрбандарының саны жөнінен де осы үш мемлекет алда тұр. Айта кетейік, өткен тәулікте Қазақстанда 678 адамнан коронавирус анықталып, пандемия басталғалы індетке шалдыққандардың жалпы саны 127 мыңға жуықтады. Коронавирустан 1945 отандасымыз қайтыс болды.