1328
Нобель сыйлығына үміткер әйгілі қазақ ғалымы жайлы не білеміз?
Нобель сыйлығына үміткер әйгілі қазақ ғалымы жайлы не білеміз?
Әйгілі химик Хабибулла Оспанов – Қазақстан тарихында әлемдік деңгейде төрт жаңалық ашқан ғалым. Ол – 2011 жылы химия бойынша Нобель сыйлығына және АҚШ-та (Майами) орналасқан Халықаралық сутегі энергетикалық қауымдастығы тарапынан ең беделді сыйлыққа ұсынылған.
Хабибулла Оспанов – химия ғылымдарының докторы, профессор, Минералды ресурстар халықаралық Академиясының, Қазақстан Минералды ресурстар Академиясының, Нью-Йорк академиясының (АҚШ) академигі «Ғылым» аталымы бойынша жалпыхалықтық тәуелсіз «Платиналы Тарлан» сыйлығының және ЖОО-ның 2007 жылғы «үздік мұғалімі» грантының иегері. Атаулы платиналы медальмен марапатталған және «ХХІ ғасырдың көрнекті ғалымы», Кембридж, Англия) (377 бет) кітабына енген. ҚазКРО еңбек сіңірген өнертапқышы, КСРО өнертапқышы және ҚазКРО халықтық білім беру ісінің үздігі. 3 халықаралық ғылыми жаңалықтардың авторы, 1000-нан аса ғылыми жұмыстың, оның ішінде 115 өнертабыс пен патенттерге авторлық куәліктің иегері. 22 монография оның 5-і Лондонда, 2 монографиясы Германияда, біреуі Мәскеуде шыққан, сонымен қатар 20 тарта оқулықтар мен оқу құралдары бар. Ол 45 ғылым кандидаты мен 6 ғылым докторын дайындап шығарып, химия саласының дамуына өлшеусіз үлес қосқан бірден-бір ғалым.
«Батыста ғалымның негізгі атағы – профессор, ал ең жақсы лауазым - кафедра меңгерушісі. Ойткені ол белгілі бір дәрежеде тәуелсіз және ғылыммен айналысуға уақыт табады», – депті бірде студенттеріне.
Хабиболла Құсайынұлы - 1932 жылы Павлодар обласы Баянаул ауданыны Торайғыр ауылында туған. Баянауыл, өздеріңіз білетіндей, көрнекті академик ғалымдар мен ірі қайраткерлерді туған жер. Мысалы, Қаныш Сәтбаев - Қазақстан Республикасының металлогендік картасын жасаушы, Ғылым академиясының негізін қалаушы, көрнекті гидроэнергетика инженері Шапық Шокин, қазақтың алғашқы ірі химигі Әбікен Бектұров, археология мектебінің негізін салушы, ғылымның көптеген салалары: этнография, тарих, шығыстану, әдебитетану саласының білгірі Әлкей Марғұлан, «Қазақфильмнің» негізін қалаушы Шәкен Айманов т.б.
Ол Батырбек Беремжанов, Михаил Карапетянц және Зоя Рождественская сынды ғалым ұстаздарын аса құрметтейтінін де жазған.
Нобель сыйлығының лауреаты, Халықаралық физика-химия институтының директоры Илья Пригожин (Бельгия): «Мен сіздің монографияңызды оқыдым. Керемет орындалған шығарма. Мен таңқалдым және сізге сәттілік тілеймін! Мен сізді біздің институтқа дәріс оқуға шақырамын», – деп жазады
Бақыт БЕКОВ