Ресей өз вакцинасын АҚШ-тан анағұрлым арзан бағаға сатпақ

Ресей өз вакцинасын АҚШ-тан анағұрлым арзан бағаға сатпақ

Ресей өз вакцинасын АҚШ-тан анағұрлым арзан бағаға сатпақ
ашық дереккөзі
244
Ресейлік «Спутник V» вакцинасы америкалық аналогтары — Pfizer және Moderna компаниялары әзірлеген екпелерден анағұрлым арзан болады. Бұл туралы ресейлік препаратқа арналған Twitter-аккаунтта хабарланды.  Хабарламада жоғары аталған екпелердің қай-қайсысын да екі мәрте егу қажеттігі айтылған: әуелі бірінші дозасы, кейіннен екіншісі егіледі. Алайда өндірушілер вакцинаның бір дозасының құнын ғана көрсетіп отыр. Мәселен, Pfizer өзі дайындаған препараттың бір дозасын 19,5 долларға бағаланып отыр, демек екі дозасы 39 доллар болмақ. Ал Moderna вакцинасының екі дозасы үшін 50-74 доллар аралығында төлеуге тура келеді, делінген хабарламада. Бұдан бұрын америкалық Moderna компаниясының бас директоры Стефан Бансель өздері дайындаған коронавирусқа қарсы вакцинаның құнын жариялаған болатын. Оның сөзінше, еуропа елдері үшін екпенің бір дозасының бағасы тапсырыс көлеміне қарай 25 доллардан 37 долларға дейін бармақ. Айта кетейік, ресейлік «Спутника V» вакцинасы — әлем бойынша тіркеуден өткен алғашқы вакцина. Оның тіркелгенін Ресей президенті В. Путин 11 тамызда жариялаған еді. Препарат Н.Ф. Гамалея атындағы эпидемиология және микробиология орталығында дайындалған.  

Серіктес жаңалықтары