Ресей ғалымы: Коронавируста биологиялық қарудың барлық белгілері бар

Ресейдің Липецк қаласындағы медицина ғылымының докторы, эпидемиолог Михаил Бала: «SARS-CoV-2 биологиялық қару деп айтуға толық негіз бар», – деді Gorod48.ru агенттігіне берген сұхбатында.

«SARS-CoV-2 вирусы жасанды ма, жоқ па?» деген сұраққа, профессор Михаил Бала: «бұл індет – бірінші кезекте қарт кісілерге, артық салмақ жиған, созылмалы жүрек-қан тамырлары аурулары және қант диабеті сияқты белгілі бір адамдарға әсер етеді» деп жауап берді.

Баланың айтуынша, вирус көп жағдайда биологиялық қару санатына жатады, ал COVID-19 жұқтырған адам ұзақ уақыт бойы басқа инфекциялардың көзі болып қала бермек.

«Ұзақ уақытқа созылатын кідіріс, инфекцияның жоғары деңгейі және уыттылық – бұл вирустың жасанды екендігінің белгілері», – дейді дәрігер.

Бақыт БЕКОВ

 

Back to top button