Дабылды ескерту: Синоптиктер ертең қолайсыз ауа райы болатынын ескертті

Синоптиктер ертең қолайсыз ауа райы болатынын ескертті,-деп хабарлайды turkystan.kz тілшісі «Қазгидромет» болжамына сүйеніп.

Синоптиктердің болжауынша, 23 қарашада ел аумағының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болып, жел күшейеді, оңтүстікте жаяу бұрқасын соғады.

Жамбыл мен Алматы облысында кей жерлерде тұман, көктайғақ болып, жаяу бұрқасын соғады, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін күшейеді деп болжанып отыр.

Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау облыстарында кей жерлерде көктайғақ болып, тұман түсуі мүмкін.

Back to top button