280
Билл Гейтс пандемиядан кейін болатын 7 жаһандық өзгерісті атады
Билл Гейтс пандемиядан кейін болатын 7 жаһандық өзгерісті атады
Microsoft компаниясының негізін қалаушы Билл Гейтстің пікірінше, коронавирус пандемиясы жұмыс істеу, қарым-қатынас жасау тәсілдерін түбегейлі өзгертеді. Вирусты жеңгеннен соң да әлем қалыпты тіршілігіне бірден орала қоймайды. Кәсіпкер коронавирус індетінен кейін адамзатты күтіп тұрған жеті жаһандық өзгерісті атады. Оның болжамдары Inc. басылымы жариялады.
Гейтстің пайымынша, біріншіден, болашақта онлайн кездесулер қалыпты нәрсеге айналады. Бұрын клиент өзімен жеке кездесу өткізбегені үшін компанияға реніш білдірсе, бұдан былай түсінік өзгереді.
Екіншіден, бағдарламалық жасақтаманың дамуы жеделдейді.
Үшіншіден, компаниялар кеңселерді өзара бөлісе бастайды. Өйткені кеңседе толық апта жұмыс істейтіндер саны азаяды.
Төртіншіден, адамдар ірі орталықтарға көшуге талпынуды тоқтатады. Қашықтан жұмыс істеу үшін қайда тұратының маңызды емес.
Бесіншіден, қызметкерлер әріптестерімен араласуды азайтады.
Сондай-ақ, Гейтстің пікірінше, вакцинаның пайда болуы ғаламшарды коронавирустан бірден құтқармайды. Ауру ешқайда жоғалып кетпейді, індеттің жаңа ошақтары пайда болуын жалғастыра береді. Алайда бұл мәңгілік карантинде өмір сүреді дегенді білдірмейді. Десе де, пандемияны түбегейлі жеңу үшін вирус әлемнің барлық түкпірінде бақылауға алынып, вакцина жалпыға бірдей қолжетімді болуы қажет.
Кәсіпкердің соңғы болжамы – келесі пандемия аса қорқынышты болмайды. Адамзаттың індетпен күресу тәжірибесі қалыптасты, оны әрі қарай қолдана алады.