Жаңа қаулы: Қапшағайда казинолардың жұмысы тоқтатылды

Жаңа қаулы: Қапшағайда казинолардың жұмысы тоқтатылды

Жаңа қаулы: Қапшағайда казинолардың жұмысы тоқтатылды
ашық дереккөзі
219
Бүгіннен бастап Алматы облысында жаңа шектеулер енгізілді. Аймақтың бас санитары қол қойған жаңа қаулыға сәйкес, ойын мекемелерінің, казинолардың, сондай-ақ ойын ойнатылатын ғимараттардың жұмысына тыйым салынды. Сондай-ақ, қоғамдық көліктердің жұмыс уақытын сағат 23.00-ге дейін ұзартты. Тамақтандыру объектілерінің жұмыс уақыты сағат 7.00-ден 00.00-ге дейін ұзартылды. Демалыс күндері олардың жұмысына тыйым салынады. Сондай-ақ, жаңа қаулы монша, сауналардың, спа-орталықтар 8.00-ден 22.00-ге дейін жұмыс уақытын белгілейді. Регламент 22 қараша сағат 07:00-ден бастап күшіне енді.

Серіктес жаңалықтары