259
Ресейден импортталған тауық етінен коронавирус табылды
Ресейден импортталған тауық етінен коронавирус табылды
Қытай билігі елдің оңтүстігіне Ресейден жеткізілген тауарлардың сыртқы қаптамасынан коронавирус тапты, деп хабарлайды РИА Новости.
Қытайдың Аурулардың алдын алу және бақылау басқармасының мамандары импортталған тауарларды тексеру барысында Ресейден жеткізілген мұздатылған тауық етінде вирус барын анықтады. Шатянь қаласының билігі індет жұққан тауарлар қойылған қойманы бірден жауып, дезинфекция жүргізді. Импортталған тауарды қабылдаған Қытай қызметкерлерінің ешқайсысы коронавирус жұқтырмаған.
Бұған дейін Қытай үкіметі Ресеймен шекарадағы Маньчжоули қаласында карантин жариялаған еді. Коронавиус жұқтырудың екі жағдайы тіркелгендіктен, қалада бұқаралық жиындар өткізуге тыйым салынып, көңіл көтеру орындарының, мектептер мен балабақшалардың жұмысы тоқтатылды.