Анасын тірідей көмген: Қабірде 3 тәулік бойы жатқан әжей қалай тірі қалды?

Қабірде 3 тәулік бойы жатқан әжей қалай тірі қалды?

Қытайдың Шэньси провинциясында 58 жастағы ер адам анасын тірідей көмуге әрекет еткен. Бұл туралы  AsiaOne басылымы жазады.

Сал ауруы бар 79 жастағы әйел  қабірде 70 сағаттай тамақсыз және сусыз  жатқан.

Құтқарылғаннан кейін ол ұлының түрмеге қамалуы мүмкін екендігіне алаңдаушылық білдірді. Әжей қыркүйек айында қайтыс болды.

Мамыр айында келіні әйелдің жоғалып кеткендігі туралы полицияға хабарлаған. Оның айтуынша, үш күн бұрын күйеуі анасын арбаға отырғызып, бір жерге алып кеткен. Келесі күні таңертең ол жалғыз оралған және анасын туыстарына жібергенін айтқан.

Жауап алу кезінде ер адам анасын зиратқа апарып, қараусыз қалған молаға тастап, топырақпен жауып тастағанын мойындайды.

Бұл істі Юлинь округінің Цзинбиань аудандық соты қарады. Сотталушы кінәлі деп танылып, 12 жылға бас бостандығынан айырылды.

Back to top button