Қандастар квотаға қанша теңге алады?

Қандастар квотаға қанша теңге алады?

Қандастар квотаға қанша теңге алады?
ашық дереккөзі
Шетелден көшіп келетін этникалық қазақтарға мемлекеттен бір реткі берілетін квотаның көлемі бұрынғы мөлшерден едәуір азайды. Қазақстанда қандастарды қа­былдаудың биылға арнал­ған өңірлік квотасы Үкіметтің қау­лысына сәйкес, 1 378 адамға беріл­мек. Өткен жылы 2 031 адамға квота бөлінген болатын. «2020 жылы квота былайша бө­лін­ді: Павлодар облысы бойынша – 500 адам, Қостанай облысы – 350, Ақ­мола облысы – 258, Шығыс Қа­зақ­стан облысы – 150 және Сол­түс­тік Қазақстан облысы бойынша – 120» делінген Еңбек және халықты әлеу­меттік қорғау министрлігінің ақпаратында. Қазақстанға келген қан­дас­тар­ды қолдау ретінде субси­дия бөлінеді. Тарихи Отанына кө­шіп келген отбасының әр мүшесіне 35 АЕК (84,2 мың теңге) мөлшерінде біржолғы төлем, тұрғын үйді жалға алу және коммуналдық қызметтерді төлеуге жұмсалған шығысты жабуға 12 ай ішінде отбасына 15-тен 30-ға дейінгі көлемде АЕК (36,1-ден 72,2 мың теңге) беріледі.

Бақыт БЕКОВ