Қазақстан Қытайға мал шаруашылығы мен бал өнімдерін экспорттайды

Қазақстан Қытайға мал шаруашылығы мен бал өнімдерін экспорттайды

Қазақстан Қытайға мал шаруашылығы мен бал өнімдерін экспорттайды
ашық дереккөзі
360
2016 жылдың 13 тамызында Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің бастамасымен Министрліктің өкілдері Қытай Халық Республикасының сертификациялау және аккредитациялау бойынша Бас басқармасымен кездесу өткізді деп хабарлайды ҚР АШМ баспасөз қызметі. Қазақстан жағынан Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің төрағасы Сақташ Хасенов қатысты. Кездесу барысында екі елдің ветеринария қызметтерінің бірқатар мәселелері талқыланды. Ауыл шаруашылығы министрлігі Қытай нарығына мал шаруашылығы және бал өнімдерін сатуды көздеп отырған қазақстандық кәсіпорындарды инспекциялау мәселесін көтерді. Қытай жағынан кездесу ұйымдастырғаны үшін Қазақстанға алғыс айтып, Қытай заңнамасына сәйкес қазақстандық кәсіпорындарды мемлекеттік бақылаудан өткізуге дайындығын хабарлады. Бұдан басқа, Қытай өкілдері ҚХР ет өнімдерін экспорттауға дайын кәсіпорындарға қойылатын ветеринариялық-санитарлық талаптарды Қазақстан өкілдеріне тапсырды. Осыған қоса, Қытай тарапы Қазақстан Республикасына құс етінен термиялық өңделген дайын өнімдерді экспорттайтын өндіру кәсіпорындарын тексеру жайлы айта кетті. Қазақстан жағы бұл мәселе Еуразия экономикалық одақтың өкілетті органдарының талқылауында екенін хабарлап, Қытай тарапынан 2015 жылы өткізілген тексеріс барысында айқындалған бұзушылықтар бойынша қосымша ақпарат керектігін айтты. Кездесудің соңына қарай екі жақ тарапы мемлекетаралық ынтымақтастық ұлғая түсетініне сенімділік білдірді.

Серіктес жаңалықтары