«26 миллион теңге…»: қарағандылық әйелдің өлер алдындағы хаты табылды

Қарағандылық әйелдің өлер алдындағы хаты табылды

Қарағандыда полицейге қарыз болған әйел өз-өзіне қол салды,-деп хабарлайды turkystan.kz «Новый Вестник» газетіне сілтеме жасап.

17 қараша күні Можайский көшесіндегі үйлердің бірінде суицид жасаған әйелдің денесі табылған. Ол өлер алдындағы хатында:

«Мен өз-өзіме қол саламын деп шештім. Бұған …(адамның аты жасырын) кінәлаймын. Мен одан ірі көлемдегі ақша қарызға алдым. Уақытында қайтара алмадым. Оның талабы бойынша үш үй мен пәтерді кепілдікке рәсімдедім», — деп жазған әйел.

Оның сөзіне қарағанда, 26 миллион теңге шамасындағы пәтер ақшасын полицейдің әйеліне берген. Өзіне полицейдің екі жыл бойы қысым көрсеткенін жазған.

«2018-2019 жылдар аралығында 200 мың доллар көлеміндегі ақшаның процентін ғана төледім. Мен қарызды қайтарудан бас тартқан жоқпын. Бірақ қарыз бен процентті қайтаратын мүмкіндігім болмады. Ал қысым көрсету одан сайын күшейе бастады», – деп жазылған хатта.

«Ол менің бизнесімді, үйімді, әділдікке деген сенімімді алып қойды… Мен бұлай өмір сүре алмаймын… Маған біреу көмектеседі деп сенбеймін. Басқа жол жоқ. Бұл өз-өзіме қол салу емес – бұл адам өлтіру. Мені … өлтірді», – деп жазды ол.

Әйел Қарағанды облысы полициясының қауіпсіздік басқармасына барған. Оның арызы бойынша тергеу басталып, бір айдан соң іс жабылған.

P.S. Қазақты қарыз құртып тынбаса игі еді…

Back to top button