ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов Елбасының алдағы халықаралық сапарларын жариялады

ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов Елбасының алдағы халықаралық сапарларын жариялады

ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов Елбасының алдағы халықаралық сапарларын жариялады
ашық дереккөзі
268
ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов биылғы жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың шетелге баратын сапарлары туралы айтып берді деп жазады ukimet.kz. «Біздің Президенттің халықаралық бағдарламасындағы жұмысы өте тығыз. Осы ретте Польшаға, Сербияға сапарлар жоспарланған, сонымен қатар біз қыркүйекте Қытайдағы G20 Саммитіне шақырылдық. Бұдан бөлек, Елбасы күзде Жапонияға, Кореяға жол жүреді, сондай-ақ Әзербайжан мен Арменияға, Сауд Арабиясы Корольдігіне және Иорданияға барады. Мұнымен қоса, басқа да шаралар өткізіледі. Қыркүйектің орта кезінде біз ТМД-ның 25 жылдығын атап өтпекпіз», - деді министр еліміздегі шетел дипломатиялық корпусы өкілдеріне арналған брфингте. Е. Ыдырысовтың айтуынша, 2017-2018 жылдары Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде тұрақты емес мүшелігінде өзіне жауапкершілікті алуға байыппен дайындалуда. Осы орайда мүшелік бойынша кешенді жоспар әзірленіп жатыр. «БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне Қазақстанның сайлануына өте қуаныштымыз. Бұл тұрғыда сіздердің қолдауларыңызға, ынтымақтастық жұмыстарыңызға үлкен алғысымызды айтамыз», - деді министр еліміздегі шетел дипломатиялық корпусы өкілдеріне қаратып айтқан сөзінде.

Серіктес жаңалықтары