Шетелде кадр даярлау

Шетелде кадр даярлау

Шетелде кадр даярлау
ашық дереккөзі
259
ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен шетелде кадрлау даярлау жөніндегі республикалық комиссияның кезекті отырысы өтті деп жазды akorda.kz.  Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Г.Әдіқалықова Елбасы Н. Назарбаев өзінің сөйлеген сөзінде ғылымды қажет ететін экономиканы құру үшін ауыл шаруашылығындағы, медицинадағы, аэроғарыштық индустриядағы көлік саласындағы жаңа технологиялар перспективалы болып табылатындығын атап өткендігіне тоқталды. Сонымен қатар Мемлекеттік хатшы бүгінгі күні әлем бойынша технологиялар қарқынды дамып келе жатқандығын, экономиканың жаңа салалары пайда болып, білімді кадрларға үлкен бәсекелестік жүргізіліп жатқандығын сөз етті. Еліміздің алдында «Қазақстан-2050» стратегиясын іске асыру контексінде бәсекеге қабілетті ұлт қалыптастыру бойынша міндеттер тұр. Осыған байланысты, Г.Н.Әбдіқалықова «Болашақ» президенттік бағдарламасының басты рөлін атап өтті. Комиссия жұмысы шеңберінде шетелде кадрлар даярлау деңгейлері арасында (магистратура, докторантура, тағылымдама) ережелерді жіктеу мәселесі және «Болашақ» халықаралық стипендиясын алуға үміткерлерге жас шектеуін енгізу мәселелері және т.б. қаралды. Комиссияның шешімімен стипендия магистратурада және докторантурада оқитын, әлемнің жетекші ғылыми және өндірістік орталықтарында тағылымдамадан өтуге жіберілетін 176 үміткерге тағайындалды. Отырыс қорытындысын шығара келе, Г.Әдіқалықова «Болашақ» халықаралық стипендиясын жетілдіру және іске асыру тетіктерінің тиімділігін арттыру бойынша бірқатар тапсырмалар берді. 2016 жылдың 15 тамызынан бастап "Болашақ" стипендиясының келесі кезеңіне құжаб қабылдау басталды.

Серіктес жаңалықтары