Иранда Абай әдеби-мәдени орталығы ашылды

Иранда Абай әдеби-мәдени орталығы ашылды

Иранда Абай әдеби-мәдени орталығы ашылды
ашық дереккөзі
Иранның солтүстігіндегі Гүлстан облысында Абай мәдени-әдеби орталығы ашылды. Облыс орталығы Горган қаласындағы Қазақстан республикасының Бас консулдығында өткен орталықтың салтанатты ашылу рәсіміне Қазақстан елшісі Асхат Оразбай, Гүлстан облысы әкімінің орынбасары, басқа да лауазымды тұлғалар және ирандық қазақтар қатысты, - деп хабарлайды "Фарс" ақпарат агенттігі.  width=
«Қазақтың ұлы ақыны Абайдың 175 жылдығы және әлемге әйгілі ойшыл әрі философ әл-Фарабидің 1150 жылдығына орай Абай мәдени-әдеби орталығының ресми ашылу салтанаты өтті. Бұл жиында Абайды өлеңдері мен қара сөздерін парсы тіліне аударған ирандық қазақ қажы Мұхаммед Шадкам Қазақстан үкіметі тарапынан екінші дәрежелі «Достық» орденімен марапатталды», - деп жазады Рarstoday.