Елімізде коронавирус жұқтыру көрсеткіші 1,7 есе өсті

Елімізде коронавирус жұқтыру көрсеткіші 1,7 есе өсті

Елімізде коронавирус жұқтыру көрсеткіші 1,7 есе өсті
ашық дереккөзі
Елімізде өткен аптамен салыстырғанда коронавирус жұқтыру көрсеткіші 1,7 есе өскен. Бұл туралы Денсаулық сақтау вице-министрі – бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Ерлан Қиясов мәлімдеді.  "Соңғы екі аптада өңірлерде коронавирус жұқтырғандардың өсіп жатқаны байқалады. Өсім барлық дерлік өңірде тіркеліп отыр. Өткен аптамен салыстырғанда індетке шалдығу 1,7 есе өсті. Бүкіл республика бойынша ауырғандардың 45%-і Шығыс Қазақстан облысына келеді", - деді Қиясов онлайн-брифингте. Оның айтуынша, індетке шалдығушылар қатары Қостанай облысында 4 есе, Батыс Қазақстан облысында 3,2 есе, Павлодар облысында 2,7 есе артқан. Айта кетейік, өткен тәулікте республика бойынша 587 адамнан коронавирус анықталып, елімізде індет жұқтырғандардың жалпы саны 118 491 адам болды. 108 632 адам емделіп шықты. Дерті асқынған 1 899 науқас көз жұмды. Еске сала кетсек, індеттің таралуын шектеу мақсатында ШҚО-да карантин 25 қарашаға дейін ұзартылды. Шектеу шараларының мерзімі облыс аумағында COVID-19 инфекциясының таралуы бойынша ахуалдың өзгеруіне сәйкес қайта қаралуы мүмкін. Сондай-ақ, бүгіннен бастап Қостанай облысының периметрі бойынша санитарлық бекеттер қойылды. Сонымен қатар, мониторингтік топтардың жұмысы күшейтіледі