Ұлттық банк мемлекеттік бағдарламаларға 2,3 трлн теңге бөледі

ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынбасары Ақылжан Баймағамбетов мемлекеттік бағдарламаларды қаржыландыру жайы туралы айтып берді. 

«Жалпы алғанда ҚР Ұлттық банкі мемлекеттік бағдарламаларға 2,3 трлн теңге қаражат бөледі. Бұл қаржыландыру дағдарысқа қарсы пакеттің 50 пайызын құрап отыр. Ұлттық банк «7-20-25» бағдарламасын қаржыландыруды жалғастырып келеді», – деді Ақылжан Баймағамбетов «Коронавирус пандемиясы кезінде қаржылық сектордың дамуы» атты дөңгелек үстелде.

Оның айтуынша, қарапайым заттар экономикасы бағдарламасын қаржыландыру 400 млрд теңгеден 1 трлн теңгеге дейін өсті. Сонымен қатар, кәсіпкерлік субьектілерінің жеңілдікпен несиелендіру бағдарламасына 800 млрд теңге жұмсалды.

«2020-2021 жылдарға арналған жұмыспен қамтудың жол картасы 2020-2021» аясында ҚР Ұлттық банкі республикалық бюджеттен бөлінген қаражатқа қосымша 600 млрд теңге қарастырды. Ал «Нұрлы жер» және «5-10-20» бағдарламалары аясында 390 млрд теңге бөлінген.

 

Back to top button