Елімізде дәрі-дәрмек өндірісі 40 пайызға артты

Елімізде дәрі-дәрмек өндірісі 40 пайызға артты

Елімізде дәрі-дәрмек өндірісі 40 пайызға артты
ашық дереккөзі
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов ел экономикасының өсім көрсеткен салаларын атады.  «Жаңа жағдайға бейімделіп, жаңа өндірістерді жолға қою арқылы фармацевтика өнеркәсібінде өндіріс көлемі 39,7 пайызға артты. Жеңіл өнеркәсіпте өндіріс 16,4 пайызға өсті. Ол тоқыма бұйымдары өндірісінің 4,4 пайызға, киімнің 1,4 пайызға және былғары өнімдердің 160,3 пайызға ұлғаюына байланысты болып отыр», - деді Бейбіт Атамқұлов Үкімет отырысында. Сондай-ақ, Қазақстанда қағаз және қағаз өнімдері өндіріс көлемінің өсімі 15 пайызды құраған. Ал ағаш және тығын бұйымдарының өндіріс көлемі 52,6 пайызға артқан. «Машина жасау саласында биыл 10 айда тұрақты өсім сақталды. 10 айдың ішінде саланың нақты көлем индексі 116,5 пайызды құрады. Автокөлік құралдары, трейлерлер және жартылай тіркемелер 53,6 пайызға, өзге көлік құралдарын жасау 87 пайызға, электр жабдықтарын жасау 3,0 пайызға, машиналар мен жабдықтар өндірісі 4,3 пайызға өсті», - деді ол.