265
"БҰҰ Ауры-2016" байқауында тәжік киімі үздік танылды
"БҰҰ Ауры-2016" байқауында тәжік киімі үздік танылды
Тажік қызы Шахноз Эроншо "БҰҰ Аруы-2016" байқауының "Үздік ұлттық киім" номинациясы бойынша жеңімпаз атанды. Шахноз гүлмен көмкерілген тақия, алтын жіптермен әрленген қамзол киіп шықты.
Солт-Лейк-Ситиле (АҚШ, Юта штаты) өткен байқауда 16 0ыз ба0 сынады6 ал бас жүлде Италия аруына бұйырды.
Шахноздың айтуынша, "Үздік ұлттық киім" коминациясында бірінші орын алған сән үлгісін Нью-Йорке тұратын дизайнер Заррина дайындаған.
Байқау соңында арулар сахнаға көтерілген уақытта ол тәжік туын ұстап шықты. Ару бұл байқауға Тәжікстан атынан қатысқанына, өзіне қолдау білдіргендерге алғыс білдірді.
Биыл Шахноз Эроншо Нью-Йоркдегі колледжде (City College of New York) "халықаралық қатынастар" мамандығын алып шықты. Ол Душанбе қаласында туған, бірақ екі жасында оның отбасы Ресейге көшіп кеткен. 18 жасынан АҚШ-та тұрады.