205
Атамбаев мигранттардың "қара тізімін" қысқартуын сұрады
Атамбаев мигранттардың "қара тізімін" қысқартуын сұрады
Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев ресейлік әріптесі Владимир Путинге РФ аумағына кіруге тыйым салынған қырғыз азаматтарының "қара тізімін" қысқартуға көмектесуін өтініп хат жолдады. Бұл туралы Көші-қон жөніндегі мемлекеттік қызмет басшысының орынбасары Алмазбек Асанбаев хабарлады.
Хат авторы көтерілген мәселе дұрыс шешіледі деп үміттенеді.
Мемлекеттік көші-қон қызметінің мәліметі бойынша, 2015 жылы ресейлік "қара тізімнен" 100 мың қырғыз шығарылды. Қазір шамамен 60 мың адам осы тізімде тұр.
Қырғызстан 2016 жылы 12 тамызда Еуразия экономикалық одағының толық құқықты мүшелігіне өтті. Ресей талаптарының жеңілдеуін қалаған көптеген еңбек мигранты бұл күнді ұзақ күтті. Бірақ жеңілдіктер жұмысқа орналастыруға ғана қатысты болды.