Жамбыл облысында автобус жүргізушілері жауапқа тартылды

Жамбыл облысында жыл басынан бері қоғамдық көлік жүргізушілерінің қатысуымен 2 мыңнан аса жол ережесі бұзылған.

2020 жылдың 10 айында Жамбыл облысы ПД ЖПҚБ жол қозғалысын қадағалау бөлімі облыстың автомобиль жолдарында жолаушылар тасымалын, сондай-ақ жалпы жол қозғалысы қауіпсіздігін бақылау бойынша жұмыстың тиімділігін арттыруға бағытталған бірқатар іс-шара өткізген.

Алдын алу іс-шараларының басты мақсаты – қоғамдық көліктің қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының санын азайту және жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Есепті кезеңде облыс бойынша қоғамдық көлік жүргізушілері тарапынан жол қозғалысы ережелерін бұзудың 2 мыңнан астам жағдайы анықталған.

Полицейлердің осы бағыттағы жұмысы автобустардың техникалық жай-күйін, олардың жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз етудің белгіленген талаптарына сәйкестігін тексеру, жүргізушілерде тіркеу құжаттарының болуы, нормативтер мен стандарттар талаптарын бұза отырып автобустарды пайдалану фактілерін анықтау, көлік құралдарын заңсыз қайта жабдықтау және басқа да шараларды барлауға негізделген.

– Облыста мемлекеттік немесе міндетті техникалық бақылаудан өтпеген 83 автобус анықталды, 31 жүргізуші жұмыс пен демалыс режимін бұза отырып, қоғамдық көлікті басқарғаны белгілі болды. Автобус парктерінің 25 лауазымды тұлғасы әкімшілік жауапкершілікке тартылды, пайдалануға тыйым салынуына байланысты 32 автобус айыппұл тұрағына қойылды. Рұқсат етілмеген 2 автотұрақ жабылды. Сонымен қатар, 401 автобус жүргізушісі белгіленген жылдамдықты асырғаны үшін, 437 жүргізіші көлік құралын басқару кезінде телефон пайдаланғаны үшін, 370 жүргізуші маневр жасау ережелерін бұзғаны үшін, 52 жүргізуші ластаушы заттардың шығарындыларының нормативін асырғаны үшін және тағы басқа да тиісті талаптарды бұзғандар әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – деп атап өтті Жамбыл облысы ПД ЖПҚБ ӨҚҚБ арнайы тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Болат Ізбасаров.

 

Back to top button