195
COVID-19: Швейцарияда коменданттық сағат енгізілді
COVID-19: Швейцарияда коменданттық сағат енгізілді
Швейцарияда коронавирус жұқтырғандар санының күрт артуына байланысты ел үкіметі коменданттық сағат енгізу туралы шешім қабылдады.
Өткен тәулікте Швейцарияда 22 мыңға жуық адамнан адамнан қауіпті вирус анықталды. Бір күнде індеттен 62 науқас қайтыс болды. Ауруханаларда орын қат.
Эпидемиологиялық ахуалды оңалту үшін ел тұрғындарының түнгі сағат 23-тен таңғы 6-ға дейін себепсіз көшеге шығуына тыйым салынды. Барлық жерде маска тағу режимі орнады. Студенттер қашықтан оқуға көшірілді.
Сондай-ақ, Женевада кафе-барлар, кинотеатрлар, мұражай мен спорт залдары жабылды. Шаштараз бен сұлулық салондары да жұмыс істемейді. Шектеу шаралары қарашаның соңына дейін жалғаспақ.
"Біз екі-үш жыл бұрын зейнетке шыққан қызметкерлерді шақырдық. Жағдайды мейлінше тезірек қалыпқа келтіруіміз керек. Індеттің екінші толқыны әлсіз болады деп ойлап едік. Алайда ол біріншісінен де күштірек болып тұр", - деді Женева университеті ауруханасының директоры Бертран Леврат.
Еске сала кетейік, бұған дейін Чехияда зейнетке шығып кеткен дәрігерлер жұмысқа қайта орала бастағанын хабарлаған едік. Бұған елде індетпен күресетін мамандардың тапгшылығы себеп. Сондай-ақ, ақ халаттыларға көмектесу үшін еріктілер мен студенттер де дайындықтан өтуде.