Анасын соққыға жыққан елордалық 10 тәулікке қамалды

Анасын соққыға жыққан елордалық 10 тәулікке қамалды

Анасын соққыға жыққан елордалық 10 тәулікке қамалды
ашық дереккөзі
194
Өз анасын соққыға жыққан елорда тұрғыны 10 тәулікке қамауға алынды, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті. «Учаске» жедел-алдын алу шарасын өткізу барысында Нұр-Сұлтан қаласы Байқоңыр ауданының полиция басқармасы учаскелік инспекторына 54 жастағы әйел келіп, баласының ішімдік ішіп, оны соққыға жыққанын шағымданып айтты. Аталған фактімен сот-медициналық сараптама тағайындалды. Оның қорытындылары бойынша «Денсаулықтың қысқамерзімді нашарлауы немесе жалпы еңбекке жарамдылықтың айтқысыз жойылуына әкеліп соқтырған денсаулыққа қасақана жеңіл зиян тигізу» бабының 1-бөлімімен әкімшілік өндіріс қозғалды. Ауданаралық әкімшілік сот судьясының қаулысымен 31 жастағы ер адамға 10 тәулікке қамауға алу түріндегі жаза тағайындалды. Бұдан басқа, құқық бұзушының тәртібі 1 жыл мерзімде қатаң бақылауға алынады. Елордада «Учаске» іс-шарасы өтіп жатыр. Оның мақсаты – қылмыс пен заң бұзушылықтың алдын алу және болдырмау бойынша түсіндіру жұмысын жүргізу. Шара кезінде учаскелік инспекторлар 223 мыңнан астам пәтер мен 27 мыңнан астам жеке үйді аралап шықты. Ішкі істер бөлімінде есепте тұрған 13 277 тұлғаның тұрғылықты орны тексерілді. Бұдан басқа, жалға беріліп жүрген 2 800-ден астам пәтер анықталған.  

Серіктес жаңалықтары