243
Қазақстан мен Түркия арасындағы әуе рейстері қысқарады
Қазақстан мен Түркия арасындағы әуе рейстері қысқарады
9 қарашадан бастап Қазақстан Түркиямен халықаралық әуе рейстерінің санын аптасына 33-тен 20-ға дейін қысқартады.
ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен ҚР аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (ВАК) селекторлық отырысында осындай шешім қабылданды.
Бұдан бөлек, комиссия ел шекарасын кесіп өту тәртібін өзгерту туралы шешім қабылдады. Бұдан былай ҚР аумағында тұруға ықтиярхаты бар шетелдіктер, олардың отбасы мүшелері және ҚР азаматтарының отбасы мүшелері болып табылатын шетелдіктер Қазақстан шекарасын 90 тәулікте 1 реттен артық кесіп өте алмайды (бұған дейін 30 тәулік болған).
Сондай-ақ, Қазақстанға визасыз келу режимін 2021 жылға дейін тоқтатылатын болды.