Әкелер форумы: Бала тәрбиесіндегі өзекті мәселелер талқыланды

Әкелер форумы: Бала тәрбиесіндегі өзекті мәселелер талқыланды

Әкелер форумы: Бала тәрбиесіндегі өзекті мәселелер талқыланды
ашық дереккөзі
1470
31 қазанда онлайн режимде «EN BAQYTTY EL» қоғамдық қоры ұйымдастырған Әкелер форумы өтті.  Еске сала кетейік, Қор «Азаматтық бастамалар орталығы» КеАҚ және ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Әкелік институтты қолдау және дамыту жөніндегі іс-шаралар кешені» әлеуметтік жобасын жүзеге асыруда. Бұл жобаның мақсаты - әкелік институтты дамытудың жаңа тәсілдерін әзірлеу. Әр түрлі салалар мен мамандықтардан әкелер бір диалог алаңында бала тәрбиесіндегі өзекті мәселелерді талқылау үшін бас қосты. Форумды ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Жастар және отбасы істері жөніндегі комитетінің Төрағасы Шахмардан Байманов құттықтау сөзімен ашты.- Мықты және тату отбасы - еліміздің өркендеу тірегі мен негізі. Жолдауда. Отбасылық-демографиялық ахуалды жақсарту үшін Қазақстанда денсаулық сақтау, білім беру, жұмыспен қамту, тұрғын үймен қамтамасыз ету және кәсіпкерлік саласында мемлекеттік бағдарламалар қабылданды және жүзеге асырылып келеді, - деп атап өтті Шахмардан Байманов. Іс-шараға Қазақстанның әртүрлі өңірлерінен және Белоруссиядан қонақтар қатысты. Шетелден келген қонақтар өздерінің практикалық тәжірибелерімен бөлісті, олардың әрқайсысы ынта-ықыласқа толы болды және әкелер жобаларын қолдауға және дамытуға, олардың жүріс-тұрыс үлгілерін жақсартуға және қоғамның игілігі үшін бірігуге дайын болды. Осылайша, Минск қаласы Әкелер Кеңесі қоғамдық бірлестігінің Басқарма төрағасы, «Әкелік» әлеуметтік мекемесінің директоры Александр Величко әкелік институттың қызметіндегі жүйелі жұмыс туралы баяндап, саясатпен байланысты болмауы керек отбасылық және әлеуметтік негіздердің маңыздылығын атап өтті. Қазақстандағы ҮЕҰ өкілдері, қоғам қайраткерлері, әлем чемпиондары, психологтар және үздік тәжірибешілер әкенің қазіргі замандағы рөлі тақырыбында өз кейстерімен бөлісті. Солардың ішінде қоғамға танымал - республикалық әкелер форумының спикері Медет Өсеров, судья және Әкелер кеңесінің Шымкент қаласындағы өкілі Еркін Отарбаев, ауыр атлетикадан төрт дүркін әлем чемпионы Илья Ильин және басқалар болды. Әрбір спикер қазіргі әлемде отбасы институтын дамыту қажет және отбасы құндылықтарының маңыздылығын арттыра отырып, әкелікті қолдау үшін әлеуметтік жобаларды құру маңызды екені туралы пікірлерін білдіре алды. Форум аясында көп балалы әкелік те талқыланды, спикер Татьяна Резвушкина қатысушыларға өткізілген зерттеудің нәтижелерін ұсынды, бір жағынан, көп балалы қазақ әкелер өз балаларына жақын болады, ал екінші жағынан олар өз балаларын әлеуметтендіру үдерісі туралы ойламай, әке болуын нашар көретіндігін атап өтті. ... Модераторлар спикерлердің әңгімесін қолдап, форум еліміздің түкпір-түкпірінен танымал әкелердің басын қосқанын атап өтті. Диалог алаңы қатысушыларға практикалық тәжірибе алмасуға, қоғамдағы өзекті мәселелерді көтеруге және әкелік институтты дамытудың дұрыс бағдарын анықтауға мүмкіндік берді.Талқылау барысында белсенді әкелер әкеліктің мәдени коды туралы әңгімелесті және қоғамдық ұйымдар мен әкелер қауымдастықтарының сенімі мен ынтымақтастығы мәселелерін көтерді. – Мұнда әкелік институтты дамытуда дұрыс ойлауды тек ортақ күш-жігер мен бірігу арқылы ғана  қалыптастыруға болатынын түсінген маңызды, бұнда бәсекелестікке, белгілі бір әкелер қауымдастығы үшін монополияны ажыратып бөлуге жол берілмеуі тиіс. Әкелер қоғамдастығы басшыларының позициясы лайықты үлгі болып, жыныстық тиістілікке қарамастан, әкелік институтқа үлес қосатындардың барлығына құрмет көрсетеді. Бұл ҚР Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссиядан бастап, әртүрлі мемлекеттік мекемелерге де қатысты, - деп форум қатысушылары өз пікірлерімен бөлісті. Саналы әкелікті қалыптастыруда болашақ әкелердің психологиялық дайындығы да маңызды рөл атқарады. Диалог алаңында психолог Қайрат Айдарбеков баяндама жасады. Ол ресми әкелік ер адамдардың көпшілігінде бар екенін және ерлер арасында саналы әкелікті дамыту қажет екенін атап өтті.Платформа бірегей сарапшылардың басын қосты, олардың әрбір баяндамасы мәнді әрі мағыналы болды. Форум аясында толық емес отбасылардан шыққан жас жігіттерде әкелік туралы түсінікті қалай қалыптастыруға болады (Медет Өсеров) сияқты маңызды тақырыптарды талқыланды, агрессивті ерлердің көмекке жүгінудің психологиялық тәжірибесі тақырыбында мастер-класс тыңдады (Жанат Біржанова). Психолог Айнұр Әбдіқұловамен «Все путем» бейнефильмін тамашалау сессиясы болды. Форумның шарықтау шегі «Жыл әкесі» атағы үшін күрескен Қазақстанның түкпір-түкпірінен қатысушыларды қорытындылау және құттықтау болды. Жоба осындай қызықты және тартымды алаңды тұңғыш рет құрды, сондықтан үздік әкені таңдауда бәсекелестік сезілмеді. Әр қатысушының энергетикасы шабыттандырды және үлгі етерлік болды. Форум аясындағы атмосфера тату болды, көбісі форумның онлайн режимінде өтіп жатқанын да байқамай қалды. Конкурс ЛуЛу Қазақстан компаниясымен бірлесіп өткізілді. Осылайша, «Әкем – үздік отағасы» аталымында Дияс Даулетбеков, «Ең тәжірибелі әке» - Құрмет Базаров, «Ең шығармашыл әке» - Айдын Прмағанбетов, «Ең дана әке» - Виталий Аваргин, «Ең спортты әке» - Ержан Жүсіпов жеңіске жетті. Олардың әрқайсысы сыйлық сертификатына ие болды, ал Елям Абдрахманов «Жыл әкесі» аталымында жеңімпаз атанды.Жобаны қолдайтын белсенді әкелер де шет қалмады: олар мадақтаушы сыйлықтармен және алғысхаттармен марапатталды. Әлеуметтік жоба аясында bestpapa.kz сайты жасалып, онда бүкіл республика бойынша белсенді әкелер Қауымдастықтарымен карта көрсетілгенін, сонымен қатар сайтта әкелік тақырыбына арналған материалдар мен «Сәтті ата-ана болу құпиялары: әкелер мен аналар мектебі» әдістемелік құралының жарияланғанын атап өткен жөн. Қорытындылай келе, «EN BAQYTTY EL» ҚҚ басшысы Жаннат Нуркинаға сөз берілді. – Әкелік туралы осындай маңызды және пайдалы жобаның ұйымдастырушысы болу біз үшін үлкен мәртебе. Өкінішке орай, Қазақстандағы көптеген әкелер баланың өмірінде әкенің рөлі қаншалықты маңызды екенін дұрыс түсінбейді. Эмоциялық жақындықтың қажеттілігі туралы аз адам ойланады. Нәтижесінде қоғамда небір әлеуметтік әкесіздік, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық қалыптасады, ал балалардың арасында қатыгездік арта түседі. Мен Әкелер Форумы баршаға пайдалы әрі ақпаратты болғанына шын жүректен үміттенемін, әкелік тақырыбына қатысқаны және немқұрайлы қарамағаны үшін баршаға алғыс айтамын, - деп сөзін аяқтады Жаннат Нуркина.

Серіктес жаңалықтары