Германияда бір айлық локдаун басталды

Германияда бір айлық локдаун басталды

Германияда бір айлық локдаун басталды
ашық дереккөзі
242
Германияда коронавирус індетінің таралуын шектеуге бағытталған төрт апталық ішінара (жартылай) локдаун күшіне енді, деп хабарлайды dw.com Шектеу шаралары барлық федералдық аумақтарды қамтиды. Елдегі барлық демалу орындары, мейрамханалар, кафелер және қызмет көрсету саласындағы көптеген компаниялардың жұмысы уақытша тоқтатылды. Сонымен қатар ел тұрғындарына өз үйінен тыс әлеуметтік байланыстарды «абсолютті минимумға дейін» шектеуге нұсқау берілді. Роберт Кох атындағы институттың (RKI) мәліметінше, Германияда өткен тәулікте 12 097 адам коронавирусқа шалдыққан. Ауру жұқтырғандардың жалпы саны 545 027 адамға жетті. Пандемия басталғалы бері елде коронавирустан 10 530 адам көз жұмды. Еске сала кетейік, Ұлыбританияда 5 қарашадан 2 желтоқсанға дейін жалпыұлттық локдаун жарияланды. Ел тұрғындары бір ай бойы үйлерінен себепсіз шыға алмайды. Сондай-ақ, 30 қазаннан бастап Франция да өзін-өзін оқшаулау режимі енгізілді. Карантин бүкіл Франция аумағында енгізіліп, 1 желтоқсанға дейін созылады.  

Серіктес жаңалықтары