COVID-19: Нью-Йоркке келушілер үшін талап жеңілдеді

COVID-19: Нью-Йоркке келушілер үшін талап жеңілдеді

COVID-19: Нью-Йоркке келушілер үшін талап жеңілдеді
ашық дереккөзі
261
АҚШ-тың Нью-Йорк штатына келушілер енді тек 3 күн оқшауланатын болды. Бұл туралы штат губернаторы Эндрю Куомо мәлімдеді. Бұған дейін елдің өзге өңірлерінен келген адамдар екі аптаға карантинге алынатын. Жаңа ережелерге сәйкес штатқа келушілердің барлығы үш күн карантинде болып, осыдан кейін коронавирус тестілеуінен өтуі керек. Нәтижесі дұрыс болса, карантиннен шығады. Ал тестілеуден өтуден бас тартқандар үшін оқшаулану мерзімі 2 аптаға созылмақ. АҚШ-та індеттің таралу қарқыны үдеп барады. Джонс Хопкинс университетінің дерегінше, елде коронавирус жұқтырғандар саны 9,2 миллионнан асып жығылды. Індеттен 230 мыңнан астам науқас көз жұмды. Ал әлемде пандемия басталғалы бері 46,4 миллионнан аса адамнан қатерлі вирус анықталды. Індет құрбандарының саны 1 199 693-ке жетті.  

Серіктес жаңалықтары