Айта кетейік, өткен тәулікте Қазақстанда 465 адамнан коронавирус анықталып, індет жұқтырғандардың жалпы саны 112 418-ге жетті. 106 мыңнан астам адам емделіп шықты. Дерті асқынған 1825 адам қайтыс болды.
COVID-19: Ресейде бір тәулікте 19 мыңға жуық адам індет жұқтырды

COVID-19: Ресейде бір тәулікте 19 мыңға жуық адам індет жұқтырды
Ресейде өткен тәулікте коронавирус жұқтырудың 18 665 дерегі тіркелді. Бұл туралы елдегі індеттің таралуымен күрес жөніндегі жедел штабтың Тelegram-арнасында хабарланды.
Жаңа жаңдайлардың көпшілігі Мәскеу, Санкт-Петербург қалалары мен Мәскеу облысында тіркелді. Сондай-ақ, бір тәулік ішінде 245 адамның көз жұмғаны белгілі болды.
Індет таралғалы Ресейде 1 636 781 адамнан коронавирус анықталды. Қатерлу вирустан 28 235 адам көз жұмды. 1,2 миллионнан аса адам емделіп шықты.